Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 471 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 07 маусымдағы № 288 қаулысы

Қолданыстағы
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 471 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы облысының әділет департаментінде 2015 жылғы 27 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3009 болып енгізілген, 2015 жылғы 19 мамырда № 55 "Жетісу", 2015 жылғы 19 мамырдағы № 55 "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Aлматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апталық мерзімде:
      1) Aлматы облысының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;
      2) осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Өнербаевқа жүктелсін.
      Облыс әкімі А. Баталов