Шалқар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 қаңтардағы № 02 қаулысы

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шалқар ауданы әкімдігінің төмендегі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) 2015 жылғы 27 ақпандағы № 66 "2015 жылға Шалқар ауданы бойынша ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемін және нақты жағдайларын бекіту туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 17 наурызында № 4236 болып тіркелген, аудандық "Шалқар" газетінде 2015 жылдың 30 наурызында жарияланған);
      2) 2015 жылғы 30 наурыздағы № 97 "2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 05 мамырында № 4318 болып тіркелген, аудандық "Шежірелі өлке" газетінде 2015 жылдың 22 мамырында жарияланған);
      3) 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 219 "Шалқар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 97 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 22 қазанында № 4547 болып тіркелген, аудандық "Шежірелі өлке" газетінде 2015 жылдың 09 қарашасында жарияланған).
      2. Шешімнің көшірмесі Ақтөбе облысының әділет департаментіне жолдансын.
      Аудан әкімі Е. Данағұлов