Қарғалы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 03 мамырдағы № 177 қаулысы

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Қарғалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 49 "Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 14 наурызда № 4778 болып тіркелген, аудандық Қарғалы газетінде 2016 жылғы 14 сәуірде № 22 (4892) және 2016 жылдың 07 сәуірінде "Әділет" АҚЖ-де ресми жарияланған) және 2016 жылғы 18 ақпандағы № 63 "Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 14 наурызда № 4779 болып тіркелген, аудандық Қарғалы газетінде 2016 жылғы 14 сәуірде № 22 (4892) және 2016 жылдың 06 сәуірінде "Әділет" АҚЖ-де ресми жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Байсеуповке жүктелсін.
      Қарғалы ауданының әкімі Р.Сыдықов