Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 12 қазандағы № 2825 "Ақтөбе қаласы халқының мақсатты топтарына жататын тұлғаларының қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 1964 қаулысы

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағы 4) тармақшасына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 12 қазандағы № 2825 "Ақтөбе қаласы халқының мақсатты топтарына жататын тұлғаларының қосымша тізбесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3662 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 қарашада "Ақтөбе", "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Қабылға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Б. Сағын