"Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 267 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 618 бұйрығы.

Қолданыстағы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 267 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9505 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 29 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаменті (С.В. Пономарев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;

      2) "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр Қ. Қасымов