Қорғалжын аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы № 7/4 шешімі

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы” Заңының 9 бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығымен бекітілген Мәслихаттың үлгі регламентіне, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 44-бабының 2-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қорғалжын аудандық мәслихатының регламенті бекітілсін.
      2. Қорғалжын аудандық мәслихатының 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 2/23 "Қорғалжын аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" шешімі (№ 4166 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік Тіркеу тізімінде тіркелген, 2014 жылдың 13 маусымда "Нұр-Қорғалжын" аудандық газетте жарияланған) шешімнің күші жойылды деп таңылсын.
      3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне еніп, қолданысқа енгізіледі
      Қорғалжын аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Б.Мажитова
      Қорғалжын аудандық
мәслихатының хатшысы
Ө.Балғабаев