Зеренді ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № А-1/16 қаулысы

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылдың 1 қаңтарынан Зеренді ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) "Ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесін айқындау туралы" Зеренді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 135 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4072 болып тіркелген, 2014 жылдың 31 қаңтарында "Зерен" және "Зерделі Зеренді" газеттерінде жарияланған).
      2) "Ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесін айқындау туралы" Зеренді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 135 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Зеренді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 06 маусымындағы № 357 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4247 болып тіркелген, 2014 жылдың 18 сәуірінде "Зерен" және "Зерделі Зеренді" газеттерінде жарияланған).
      3) "Ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесін айқындау туралы" Зеренді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 135 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Зеренді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 357 қаулысына толықтыру енгізу туралы қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4445 болып тіркелген, 2014 жылдың 18 шілдесінде "Зерен" және "Зерделі Зеренді" газеттерінде жарияланған).
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Зеренді ауданының әкімі А.Мұратұлы