Атбасар ауданы әкімдігінің қаулысын күші жойылған деп тану туралы

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № а-2/55 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, заң күшіндегі нормативтік-құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін келтіру мақсатында, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Атбасар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 20 қаңтардағы № а-1/15 «Атбасар ауданында жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысы нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-5-131 тіркелген, 2010 жылғы 2 сәуірде «Атбасар» және 2010 жылғы 2 сәуірдегі «Простор» газеттерінде жарияланған қаулының күші жойылды деп танылсын.
      2.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А.Никишов