"Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 114-166 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 07 желтоқсандағы № 114-2446 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 114-166 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 884 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 наурыздағы № 27 (3232) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 12 наурыздағы № 27 (3250) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
      16-тармақта:
      20) тармақша алынып тасталсын;
      27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «27) жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы жолымен жергілікті бюджеттік инвестицияларды іске асыру барысы туралы мониторингті жүзеге асыру;»;
      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «29) мемлекеттік басқару органдарының штаттық сан лимиттеріне өзгерістер енгізу туралы Астана қаласы әкімдігі қаулыларының жобаларын және жергілікті атқарушы органдардың штаттық кестелеріне өзгерістер енгізу туралы Астана қаласы әкімі әкімдерінің жобаларын әзірлеу;»;
      мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «34-1) іске асыру жоспарланған мемлекеттік-жекешелік серіктестіктің жергілікті жобаларының тізбесін келісу, қалыптастыру және оны жергілікті өкілетті органға ұсыну;».
      2 «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны ресми және мерзімді баспа басылымдарында жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Л.И. Лукинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Астана қаласының әкімі                         Ә. Исекешев