"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметіне жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 156 қаулысының және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 1 желтоксандағы № 372 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 125 қаулысы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 551 бұйрығы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі БҰЙЫРАДЫ:
      1. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметіне жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 156 қаулысының және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 372 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7350 тіркелген. 2012 жылғы 14 сәуірде «Казахстанская правда» газетінде № 102-103 (26921 -26922) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын және исламдық қаржыландыруды дамыту департаменті (Нұрғалиев Е.Б.):
      1) осы қаулы мен бұйрық қабылданған күннен бастап бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне аумақтық филиалдарына екінші деңгейдегі банктерге "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін;
      2) осы қаулы мен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын.
      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.К.) осы қаулы мен бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы мен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Ж. Құсайыновқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы мен бұйрық қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы              Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Банкінің                     Ұлттық экономика
      Төрағасы                            министрі
      ___________ Қ.Келімбетов            ___________ Е.Досаев

_________________________________________
      1Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметіне жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 136 қаулысының және Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 372 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы