"Тарбағатай ауданының Құмкөл ауылдық округiнiң "Қызыл-жұлдыз" елді мекеніне шектеу iс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы" Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 583 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 730 қаулысы

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1-бабына сәйкес сәйкес Тарбағатай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Тарбағатай ауданының Құмкөл ауылдық округiнiң "Қызыл-жұлдыз" елді мекеніне шектеу iс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы" Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 583 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4212 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Жақаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкiмi Д.Оразбаев