Шілікті ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 3 "Шілікті ауылдық округіндегі Тасбастау ауылына карантин белгілеу туралы" шешімінің күшін жою туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 12 қазандағы N 4 шешімі

Қолданыстағы
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Зайсан ауданының бас мемлкеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысына сәйкес, Шілікті ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Шілікті ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 3 "Шілікті ауылдық округіндегі Тасбастау ауылына карантин белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4108 нөмірімен 2015 жылғы 13 тамызда тіркелген, аудандық "Достық" газетінің 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 75 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
      Шілікті ауылдық округінің әкімі Қ.Сағиев