Аягөз ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 01 сәуірдегі № 238 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 279 қаулысы

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағын басшылыққа ала отырып, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аягөз ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 238 "Аягөз ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 03 сәуірдегі № 3809 тіркелген, аудандық "Аягөз жаңалықтары" газетінде 2015 жылғы 11 сәуірде № 29 (10429) жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Рғаеваға жүктелсін.
      Аудан әкімі Б. Байахметов