Түлкібас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 18/2-05 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешімі жойылды деп тану туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 41/9-05 шешімі

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабы 5 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 18/2-05 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешімі жойылды деп тану туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2377 тіркеу нөмірімен 2013 жылдың 16 қыркүйегінде тіркелген, 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 82-83 аудандық Шамшырақ» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.   

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       А.Нұранов
      
      Аудандық мәслихаттың хатшысы               А.Сапаров