Ленгер қаласы М.Бишимбаева көшесінде шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ленгір қаласы әкімінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 38 шешімі

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабының 2 тармағының 10) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Төлеби аудандық аумақтық инспекциясының 2015 жылғы 25 мамырдағы № 01-13/85 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ленгер қаласы М.Бишимбаева көшесінде ветеринариялық iс-шаралар кешенiнің толық орындалуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
      2. Төлеби ауданы Ленгер қаласы әкiмiнiң 2015 жылғы 30 наурыздағы № 22 "Ленгер қаласы М.Бишимбаева көшесiнде шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3133 тіркелген, 2015 жылғы 18 сәуірдегі "Ленгер жаршысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім заңнамада белгіленген тәртіппен қала аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдансын және Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментіне хабарлансын.
      4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Татыбаевқа жүктелсін.
      Ленгер қаласы әкiмiнiң мiндетiн
      уақытша атқарушы Б.Ешімбетов