Қарамұрт ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 12 "Қарамұрт ауыл округі Ш.Мирзалиев көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауыл округі әкімінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 94 шешімі

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 21-1 және 40 бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 01-04/131 санды ұсыныс хатына негізінде Қарамұрт ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарамұрт ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 12 "Қарамұрт ауыл округі Ш.Мирзалиев көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 22.04.2015 жылы № 3151 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Қарамұрт ауылдық
      округі әкімі А.Мамадабаев