Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 616 "Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 409 қаулысы

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 616 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2437 болып тіркелген, 2014 жылғы 10 қаңтардағы «Қазығұрт тынысы» газетінің № 1 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. «Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулы күшіне енген күннен бастап бір апта мерзімде қаулының көшiрмесiн Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментіне жіберсін және мерзімді баспа басылымына ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұловқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Б.Д.Қыстауов