"Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" аудан әкімдігінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 111 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 35 қаулысы

Қолданыстағы
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40 бабы 2 тармағының 4) тармақшасына, 43-1 бабы 1 тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" аудан әкімдігінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 111 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 2243 Мемлекеттік тізілімінде тіркелген, 2013 жылдың 21 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқытық жүйесінде жарияланған).
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Салтықов