Качир ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі жөніндегі Ережесін бекіту туралы" № 43/2 қаулысын жою туралы

Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 02 сәуірдегі № 83/3 қаулысы

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 8-тармағына сәйкес Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Качир ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі жөніндегі Ережесін бекіту туралы" № 43/2 қаулысын жою туралы" № 43/2 қаулысы жойылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Р.М. Габидулинге жүктелсін.
      Аудан әкімі Ж. Шұғаев