"Астана қаласы және оның қала маңы аймағының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеудің, сондай-ақ қала құрылысын регламенттеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 01-04-03/47 НҚ бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 қарашадағы № 690 бұйрығы

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Астана қаласы және оның қала маңы аймағының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеудің, сондай-ақ қала құрылысын регламенттеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 01-04-03/47 НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8481 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 23 қазандағы № 237 (28176) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;
      3) осы бұйрықтың көшірмесін күнтізбелік жеті күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберілуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі                             Е. Досаев