Кейбір нормативтік құқықтық актілерді күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 687 бұйрығы

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-129-143-1-баптарына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      2. Адами ресурстармен жұмыс департаменті:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдауды;
      2) ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3) Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                                Е.Досаев

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 9 қарашадағы 
№ 687 бұйрығына қосымша 

Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 7 қарашадағы № 336-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8936 болып тіркелді, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 24 сәуірде № 79 (28303) жарияланған);
      2. «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 344/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9032 болып тіркелді, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 15 қаңтарда № 8 (28232) жарияланған);
      3. «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 283 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9013 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 14 қаңтарда жарияланған);
      4. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) орталық аппараты және аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 275-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9021 болып тіркелді, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 8 ақпанда № 27 (28251) жарияланған);
      5. «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 353 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9035 болып тіркелді).