«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын орындау жөніндегі есеп бөлімдерінің құрылымын, нысандарын, көрсеткіштерінің тізбесін бекіту туралы» және «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын орындау жөніндегі есеп бөлімдерінің құрылымын, нысандарын, көрсеткіштерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 22 қарашадағы № 508 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 309 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 176 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 6 маусымдағы № 260 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 2 шілдеде № 8548 тіркелді).
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықтың көшірмесін бір апталық мерзімде жіберсін және осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Ұлттық экономика
министрі
______________Б. Сұлтанов ______________ Е. Досаев