"Өмірзақ ауылының шекарасын белгілеу туралы" 2008 жылғы 18 ақпандағы Ақтау қаласы әкімдігінің № 203 және Ақтау қалалық мәслихатының № 6/55 бірлескен қаулысы мен шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 03 шілдедегі № 844 қаулысы және Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 03 шілдедегі № 30/288 шешімі

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес және Маңғыстау облысы әділет департаментінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 10-11-481 хатын орындау мақсатында Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Өмірзақ ауылының шекарасын белгілеу туралы" 2008 жылғы 18 ақпандағы Ақтау қаласы әкімдігінің № 203 және Ақтау қалалық мәслихатының № 6/55 бірлескен қаулысы мен шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 21 наурызда № 11-1-79 болып тіркелген және 2008 жылғы 01 сәуірдегі № 51 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы,
 
қалалық мәслихат
 
хатшысы
М.Молдағұлов
Қала әкімі
Е.Жаңбыршин