Шет ауданы әкімнің кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Қарағанды облысының Шет ауданы әкімінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 05 шешімі

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикалының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Шет ауданының аумағында су басу жағдайдың тұрақталуына байланысты, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Келесі шешімдердің күші жойылды деп таңылсын:
      1) Шет ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 наурыздағы № 02 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3079 болып тіркелген), "Шет шұғыласы" аудандық газетіне 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 13 (10 529) жарияланған;
      2) Шет ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 03 "Шет ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 наурыздағы "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 02 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3149 болып тіркелген), "Шет шұғыласы" аудандық газетіне 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18 (10 534) жарияланған.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Шет ауданының әкімі Р. Абдикеров