"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының азаматтық қызметшілері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2008 жылғы 26 наурыздағы № 45 және "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесі мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 55 бұйрықтарының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 29 шiлдедегi № 63қе бұйрығы

Қолданыстағы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 38-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының мынадай:

      1) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының азаматтық қызметшілері туралы" 2008 жылғы 26 наурыздағы № 45;

      2) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесі мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 55 бұйрықтарының күші жойылсын.

      2. Бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері таныстырылсын.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Комитет Төрағасы Н. Әбіқаев