«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
«Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 475 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 32 бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6055 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2010 жыл, № 10 (2010 жылғы 7 шілде);
2) «Жол полициясының тексерісі бойынша тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 476 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 33 бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6056 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2010 жыл, № 10 (2010 жылғы 7 шілде).
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;
2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауды және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Ішкі істер министрі
________________ Е. Досаев ________________ Қ. Қасымов