Күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 833 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 646 бірлескен бұйрығы

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Өрт, өнеркәсіптік қауіпсіздік және Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясына жатпайтын объектілер үшін төуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері мен тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 350 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 10 қыркүйекте № 8689 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 5 желтоқсанда № 268 (28207) жарияланған) бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар) комитеті (Петров B.B.):
      1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;
      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
      4. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы         Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму        Ішкі істер
      министрінің міндетін           министрінің міндетін
      атқарушы                       атқарушы
      _________________ А. Рау       ____________________ Р. Жақыпов