"Үйде тәрбиеленіп және оқытылып жатырған мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы" Қамысты аудандық әкімдігінің қаулысының күшін жою туралы

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 377 қаулысы

Қолданыстағы
      "Жергілікті атқару органдармен әлеуметтік қорғау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылғы 13 мамырдағы Қамысты ауданы Әділет басқармасында 9-11-118 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 03 маусымда № 22 "Новый путь – Бозторғай" аудандық газетінде жарияланған "Үйде тәрбиеленіп және оқытылып жатырған мүгедек – балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2011 жылғы 31 наурыздағы № 62 Қамысты ауданы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
      Аудан әкімі Б. Өтеулин