Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
368-1-қосымшаға
сәйкес Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің;
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1235 қаулысына
368-1-қосымша
Ескерту. Қаулы 368-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.31. N 470б , өзгерту енгізілді - 2006.09.05. N 843 қаулыларымен.
600 - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу
жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету"
001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны:
1437202 мың теңге (бір миллиард төрт жүз отыз жеті миллион екі жүз екі мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
"Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 55
Жарлығы
; "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы
Заңы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi:
республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты:
бағалы қағаздар рыногын дамыту, оның халықаралық рынок капиталдарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту, қазақстандық капиталдың шетелдiк бағалы қағаздар рыногына шығуы.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi:
Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
Р/с N № |
Бағдарлама коды |
Кіші бағдарлама коды |
Бағдарлама (кіші бағдарлама) атауы |
Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
001 |
|
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету |
|
|
|
2 |
|
001 |
Орталық органның аппараты |
Штат санының лимитіне сәйкес Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің орталық аппаратын ұстау. Үй-жайды жалдау ақысын төлеу. Әкімшілік
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі |
3 |
|
007 |
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру |
Бекітілген біліктілікті арттыру жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу, оның ішінде мемлекеттік тілді оқыту. |
2-4 тоқсан |
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі |
4 |
|
009 |
Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру |
Автокөлiк, кабинеттердi жабдықтау үшін жиһаздар, жабдықтар және басқа активтерді, тауарларды сатып алу. |
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі |
5 |
|
017 |
Ақпараттық жүйелердің жұмыс іс-
|
Бағдарламалық өнiмдердi және жергілікті мін- деттерді сүйе- мелдеу. Бағдарламалық өнiмдер сатып алу. Жүйелiк және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтердi сатып алу, есептеу тех-
|
|
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы ор-
|
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Тiкелей нәтиже: Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн нормативтiк құқықтық негiзбен 100 % қамтамасыз ету; 100 бiлiктiлiгi жоғары мамандарды жұмысқа тарту мемлекеттiк қызметшiлердiң компьютермен және ұйымдастыру техникасымен жалпы қажеттiлiктiң 100 %-мен жарақтандырылуын қамтамасыз ету.
Түпкi нәтиже: Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногын одан әрi дамыту, халықаралық капитал рыноктарына ықпалдасу;
Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды барынша тарту; қазақстандық капиталдың шетелдiк бағалы қағаздар рыногына шығуын қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасы Алматы қаласының қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi орталық аппаратының бiр мемлекеттiк қызметшiсiн ұстауға арналған орташа шығын 13522,6 мың теңгенi құрайды; бiр мемлекеттiк қызметшiнiң бiлiктiлiгiн арттыруға арналған орташа шығын - 25,75 мың теңге; Агенттiктiң ақпараттың жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi шығындардың орташа көлемi және ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету - 285,87;
Уақтылығы: белгiленген кестеге сәйкес iс-шараларды уақтылы орындау.
Сапасы: Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы қатысушыларының барынша көп санын тарту және қазақстандық және халықаралық бағалы қағаздар рыногының ықпалдасуын қамтамасыз ету.