2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитеті)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 Қаулысы (үзінді)

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылға 24 сәуірдегі Бюджет  кодексіне  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Мыналардың:
      359-қосымшаға сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитетінің.

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
N 1235 қаулысына     
359-ҚОСЫМША        

406 - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитеті
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2006 жылға арналған
"Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны:  205868 мың теңге (екі жүз бес миллион сегіз жүз алпыс сегіз мың теңге).
       2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі : Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы"  Заңы ; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 5 тамыздағы N 917  Жарлығы ; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663  қаулысы ; "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының, Қазақстан Республикасының шегінде қызметтік іс сапары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428  қаулысы .
       3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : Республикалық бюджеттің атқарылуына сырттай бақылауды жүзеге асыру: Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі мемлекеттік қаржы бақылау объектілерінің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеру, олардың атқарылуын бағалау, есеп пен есептілікті жүргізу, гранттарға, мемлекеттік активтерге, мемлекет кепілдік берген займдарға байланысты бюджеттік қаражаттарын пайдалану; республикалық бюджеттің мақсатсыз, негізсіз және тиімсіз атқарылуына жол бермеуді анықтау жөнінде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес шаралар қабылдау.
       5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері : республикалық бюджет қаражаттарының, мемлекет кепілдік займдардың, байланысты гранттарына, активтеріне, республикалық бюджеттен мемлекеттің міндеттемелерін өтеуге берілген қаражаттардың мақсатты және тиімді пайдалануын, республикалық бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен дер кезділігін, сондай-ақ республикалық бюджеттен түскен сомалардың бюджеттік заңнаманың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес қайтарылуын бақылау; мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру.
       6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары .

N п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағдар-
лама-
лардың
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орын-
даушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Респу-
бликалық
бюджет-
тің ат-
қарылуын
бақылау-
ды қам-
тамасыз
ету

  

  

  

2

  

001

Орталық
органның
аппараты

Жүктелген функцияларды
орындау үшін бекітіл-
ген штат саны лимиті-
нің шегінде республи-
калық бюджеттің атқа-
рылуын бақылайтын есеп
комитеті орталық аппа-
ратын ұстау. Бақылау
және талдау іс шарала-
рын, мемлекеттік қаржы
бақылау мәселелері бо-
йынша семинар-кеңестер
өткізу және лекторлар-
дың еңбегіне ақы тө-
леу. Шаруашылық тауар-
лары мен шығыс матери-
алдарын, кеңсе керек
жарағын сатып алу.
Есеп комитеті үшін
бланкы өнімін дайын-
дау. Есеп комитетінің
отырыстарын өткізу.
Бюджеттің атқарылуы
жөніндегі Есеп комите-
тінің есебін бұқаралық
ақпарат құралдарында
жариялау. Автокөлікті
және оргтехникаларды
ұстау. Байланыс
қызметтерін орнату,
қосу және сатып алу.
Жеке және заңды тұлға-
лардың қызметтерін
сатып алу. Нормативтік
құқықтық актілер,
стандарттар, ережелер
әзірлеу. Есеп комите-
тінің Бюллетені мен
журналын, әдістемелік
ұсынымдар шығару.
Бақылау жүргізу үшін
аудиторлық ұйымдардың мамандары мен тәуелсіз
сарапшыларды тарту.

жыл
бойы

Респу-
бликалық
бюджеттің
атқа-
рылуын
бақылау
жөніндегі
есеп
комитеті

3

  

007

Мемле-
кеттік
қызмет-
шілердің
білік-
тілігін
арттыру

Мемлекеттік қызметші-
лердің "Халықаралық
стандарттар мен қаржы-
лық есептілік аудиті
тақырыбы бойынша
біліктілігін арттыру
жөніндегі қызметтерді
сатып алу. Оқу мерзімі
3-4 тоқсан. Мемлекет-
тік тілді үйрету. Оқу
мерзімі 2 тоқсан.

2-4
тоқсан

Респу-
бликалық
бюджеттің
атқа-
рылуын
бақылау
жөніндегі
есеп
комитеті

4

  

009

Мемле-
кеттік
орган-
дардың мате-
риалдық-
техни-
калық
жарақ-
тандыру

8 жұмыс орынын
қамтамасыз ету үшін
офистік жиһаз сатып
алу.

3-4
тоқсан

Респу-
бликалық
бюджеттің
атқа-
рылуын
бақылау
жөніндегі
есеп
комитеті

5

  

017

Ақпарат-
тық жү-
йелердің
жұмыс
істеуін
қамтама-
сыз ету
және
мемле-
кеттік
орган-
дарды
ақпарат-
тық-тех-
никалық
қамтама-
сыз ету

Ақпараттық жүйелер мен локальдық міндеттерді, есептеу техникалары мен жүйелер құралдарына жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді сүйемелдеу. Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері, шығыстық және жинақтаушы материалдар, қосалқы бөлшектер сатып алу. Есептеу техникалары мен лицензиялық бағдарламалық өнімдер сатып алу.

жыл
бойы

Респу-
бликалық
бюджеттің
атқа-
рылуын
бақылау
жөніндегі
есеп
комитеті

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:  тікелей нәтиже:
- бекітілген штат саны лимитінің 70 адам шегінде аппаратты ұстауды қамтамасыз ету.
- республикалық бюджетке түскен түсімдердің толықтығы мен дер кезділігін, сондай-ақ республикалық бюджеттен түскен сомалардың бюджеттік заңнаманың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес қайтарылуын, бюджет қаражаттарының, мемлекет кепілдік берген займдардың, байланысты гранттарына, активтеріне, республикалық бюджеттен мемлекеттің міндеттемелерін өтеуге берілген қаражаттардың мақсатты және тиімді пайдаланылуына 41 бақылаулық және сараптамалық іс-шаралар жүргізу.
- халықаралық ұйымдармен және жоғары мемлекеттік қаржы бақылаудың шетелдік органдарымен өзара пайдалы ынтымақтастықты жалғастыру, өз өкілеттіктерін іс-жүзеге асыруда оң ұсынымдарды пайдалану.
- республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитетінің тоқсандық бюллетенін таралымы 200 данамен шығару, жұмыста пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Парламентке, Үкіметке, басқа да орталық мемлекеттік органдарға және облыстар мен Астана және Алматы қалалары мәслихаттарының тексеру комиссияларына жіберіледі.
- компьютерлік техникамен 77%-ға қамтамасыз ету және офистік жиһазбен 100%-ға жарақтандыру.
- 20 адамның кәсіби деңгейін арттыру, 30 адамды мемлекеттік тілге үйрету.
түпкілікті нәтиже:
- республикалық бюджетті атқару кезінде бюджеттік заңнаманың және басқа құқықтық нормативтік актілердің бұзылуын анықтау.
- республикалық бюджетті атқару кезінде жол берілген бұрмалаушылықтарды жоюды бақылауды жүзеге асыру.
- республикалық бюджеттің атқарылу мәселесін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде, сондай-ақ жол берілген бұрмалаушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы ұсыныстар әзірлеу және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, орталық мемлекеттік органдарға жіберу.
- өзінің мазмұны жөнінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінің қорытындысы болып табылатын аяқталған қаржы жылының республикалық бюджетінің атқарылуы туралы есебін Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсыну және оны Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау.
- беделін арттыру және жоғарғы қаржы бақылау органдарының дүниежүзілік жүйесінде лайықты орын алу.
- мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін 46,1%-ға арттырудағы, мемлекеттік қызметшілердің 53,9%-н мемлекеттік тілге үйретудегі қажеттілікті қамтамасыз ету.
қаржы экономикалық тиімділік:
- Есеп комитетінің бір мемлекеттік қызметшісін ұстауға жұмсалатын шығындары - 2833,0 мың теңге;
- Есеп комитетінің штаттан тыс бір қызметкерін ұстауға жұмсалатын шығындары - 463,5 мың теңге;
- Есеп комитетінің бір мемлекеттік қызметшісінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығындары - 24,55 мың теңге;
- Есеп комитетінің бір мемлекеттік қызметшісін мемлекеттік тілге үйретуге жұмсалатын орташа шығыны - 19,16 мың теңге;
- бақылау объектісіне аудитор ұйымдарының мамандарын тарту жөніндегі орташа шығын - 4000,0 мың теңге;
- бюллетеннің бір нөмерін шығаруға жұмсалатын орташа шығын 220,0 мың теңге.
дер кезділігі:
- жоспарланған бақылау және талдау іс-шараларын белгіленген мерзімде орындау.
- бақылау және талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша Есеп комитетінің қаулысын қабылдау немесе оны белгіленген мерзімде ұсыну;
- Есеп комитетінің республикалық бюджетті атқару жөніндегі бюллетенін тоқсан сайын шығару;
- жасалған шарттарға сәйкес жыл бойы оқу.
сапасы:
- қаржылық бақылау объектілерінің жауапкершілігі мен қаржылық тәртіптіліктің деңгейін және бюджет заңнамасы мен өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын бақылауды арттыру;
- қаржылық бақылау объектілерінің жол берілген бұрмалаушылықтар мен кемшіліктерді жоюы, сондай-ақ оның қайталануына жол бермеу;
- есепке алу мен есептілікті, сондай-ақ бюджеттік рәсімдерді жүргізуді жетілдіру;
- мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейі кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сай, осы заманғы экономикалық шарттарға сәйкес арттыру; мемлекеттік тілге үйрету курсынан өткеннен кейін іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшкен мемлекеттік қызметшілердің үлесі 3%; біліктілікті көтеру курсынан өткеннен кейін жоғары тұрған лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің үлесі 5%.