"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы 1993 жылғы 13 қаңтардағы N 9000

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Z937000_ жарияланған күнiнен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне:
      - Қазақстан Республикасының шектес мемлекеттермен шекарасынан

құқылық жағынан ресiмдеу туралы мәселенi қарап, Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзету үшiн қажеттi жағдайлар
жасауды қамтамасыз ету;
     - 1993 жылғы 1 сәуiрге дейiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекараны күзетуге қатысты
шешiмдерiн қабылданған Заңға сәйкес келтiру тапсырылсын.
     Қазақстан Республикасы
       Жоғарғы Кеңесiнiң
           Төрағасы