Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi: 1. "Төтенше жағдайдың құқықтық режимi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Z933400_ жарияланған күннен күшiне енгiзiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi: - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қалыпты құжаттарын осы Заңға сәйкестендiретiн болсын; - ведомстволық қалыпты құжаттардың осы Заңға сәйкестендiрiлуiн қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы