"Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысы 1993 жылғы 22 қазан N 2474. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2001.07.16. N 243 Заңымен. ~Z010243

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Z933200_ жарияланған күнiнен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. "Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры" деп аталатын 21-бабы 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне Заң қабылданғаннан кейiн бiр ай мерзiмде:
      - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн "Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiру;
      - Қазақстан Республикасы министрлiктерi мен ведомстволарының осы Заңға қайшы келетiн қалыптық құжаттарын қайта қарап, олардың күшiн жоюды қамтамасыз ету;
      - 1994 жылғы 1 сәуiрге дейiн "Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолдану жөнiндегi қажеттi қалыптық құжаттарды қабылдау;
      - 1995 жылғы 1 қаңтарға дейiн Мемлекеттiк қала құрылысы

кадастрын жүргiзу үшiн тиiстi материалдық-техникалық база мен
қызметтердi әзiрлеу жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асыру
тапсырылсын.
     4. Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының заңдары
"Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiрiлгенге дейiн осы 
Заңға қайшы келмейтiн Қазақстан Республикасының тиiстi заң
құжаттары қолданылады деп белгiленсiн.

       Қазақстан Республикасы
     Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы