Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Регламентінің 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 1996 жылғы 8 ақпандағы Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламентіне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
бірінші бөліктің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Саяси партия фракциясының ең аз саны "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген кедергіні еңсерген саяси партиялар үшін бөлініп берілген депутаттық мандаттардың ең аз санына сәйкес келуге тиіс.";
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутат:
сайлауға саяси партия ұсынған жағдайда – өзін ұсынған саяси партияның фракциясында;
өзін-өзі ұсынған жағдайда – өзі мүшесі болып табылатын саяси партияның фракциясында бола алады.".
2. Осы Қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы |
Е. ҚОШАНОВ |