"Қазақстан Республикасының жерлерін нысаналы мақсатта пайдаланудың жіктеуішін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 158/НҚ бұйрығын күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 146 бұйрығы

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының жерлерін нысаналы мақсатта пайдаланудың жіктеуішін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 158/НҚ (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 17 маусымда № 9524 тіркелген, 2014 жылғы 27 қарашада № 232 (27853)) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) бұйрығы күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                               Е. Досаев