«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеуге жататын жұмыстар тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 431 бұйрығының {нормативтік- құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5354 болып тіркелген, 2008 жылы 3 желтоқсандағы № 184 (1584) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігін осы бұйрық туралы заңнамада белгіленген тәртіпте хабардар етсін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын және оны мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Ә. Исекешев