Бұйрықтың күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 268-Ө бұйрығы

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 2 наурыздағы № 25-02/86 бұйрығының күші жойылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 12 сәуірде № 7562 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдауын;
      2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 2014 жылдың 21 қарашасынан бұрын емес мерзімде қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Н. Қаппаров