Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 270-Ө бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 302-Ө бұйрығы

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның I және ІІ-қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 05 қыркүйектегі № 270-ө бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 09 қазанда № 8791 тіркелген; «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 02 қарашада № 245(28184)) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдауын;
      2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 2014 жылдың 21 қарашасынан бұрын емес мерзімде қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       Н. Қаппаров