"Прокуратура органдары қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 430 және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 135 бірлескен бұйрығының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 34 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 109-Ө бірлескен бұйрығы

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Прокуратура органдары қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 135 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 430 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7352 тіркелген, 2012 жылғы 27 наурыздағы № 79-80 «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) күші жойылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Казахстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апталық мерзімде жолдасын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасы
      Бас прокуроры                     Еңбек және халықты әлеуметтік
                                        қорғау министрі
      _____________А. Дауылбаев         _________________Т. Дүйсенова