«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті
атқарушы органдарын құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау
әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 15 шілдедегі № 251 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8572 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықтың көшірмесін мәлімет үшін облыстардың жергілікті атқарушы органдарына жолдасын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Имашев