«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40, 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 11 тамыздағы № 409 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 тамыздағы № 242 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 25 тамызда № 7141 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 5 қазанда № 319 (26710) болып жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті (А.Н. Выборов):
1) бір апталық мерзімде осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі Өңірлік даму министрі
______________Қ. Қасымов _______________Б. Жәмішев