"Лицензиарлар беретін ақпаратты жинау, талдау, өңдеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2008 жылғы 26 тамыздағы № 182 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығы

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Лицензиарлар беретін ақпаратты жинау, талдау, өңдеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2008 жылғы 26 тамыздағы № 182 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5309 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2008 жылғы 15 қазандағы № 10 актілер жинағында жарияланған).
      2. Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті (Б. Бекешев) бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                           Е.Досаев