Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің "Шекті рауалы шығарынды (ШРШ) және шекті рауалы төгінді (ШРТ) нормативтерін келісу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 21 наурыздағы № 83-п және "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жүйесіндегі мемлекеттік бақылау органдарымен суармалы-суландыру жүйелерді тексеруді ұйымдастыру және жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы"2005 жылғы 14 сәуірдегі № 128-п бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 395-ө бұйрығы

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мына:
      1) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің «Шекті рауалы шығарынды (ШРШ) және шекті рауалы төгінді (ШРТ) нормативтерін келісу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2002 жылғы 21 наурыздағы № 83-п бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1843 тіркелген, ҚР нормативтік құқықтық актілер бюллетенде 2002 жылы тамызда № 30 жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жүйесіндегі мемлекеттік бақылау органдарымен суармалы-суландыру жүйелерді тексеруді ұйымдастыру және жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 128-п бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

      Министрдің м.а                               Е. Нысанбаев