1997 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар вице-министрінің және 1997 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі бекіткен "Келісімшарттық аумақты геологиялық зерттеу және геологиялық ақпараттарды иелікке алу үшін мемлекет шеккен тарихи шығындар айқындау және өтеу тәртібі туралы" ереженің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 3 шілдедегі № 206 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 3 шілдедегі № 308 бірлескен бұйрығы

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. 1997 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар вице-министрінің және 1997 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі бекіткен «Келісімшарттық аумақты геологиялық зерттеу және геологиялық ақпараттарды иелікке алу үшін мемлекет шеккен тарихи шығындар айқындау және өтеу тәртібі туралы» ереженің (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 526 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына бір апта мерзім ішінде жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы               Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің орынбасары -     Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар
министрі
____________ Ә.Исекешев              ________________ В.Жәмішев