«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 21-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Аэронавигациялық ұйым қызметіне инспекциялық тексеріс жүргізу бойынша тексеру парағының нысанын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеулер тізімінде 2010 жылғы 10 қыркүйекте № 6473 болып тіркелген, 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 249 (26310), «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 19 қазандағы № 429-432 (26275) жарияланған) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № 157 және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 368 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов) белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
2) оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі интернет-ресурсында және Мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің бірінші Көлік және коммуникация
орынбасары - Қазақстан министрі
Республикасының Өңірлік даму
министрі
______________ Б.Сағынтаев _____________ А.Жұмағалиев