«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. «Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесін және Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу және куәліктер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 бұйрығының 1-тармағы 1) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6103 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2010 жылғы сәуір, № 4) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiне жолдасын;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және оны Қазақстан РесҒпубликасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр полиция
генерал-лейтенанты Қ.ҚАСЫМОВ