Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 234 Қаулысы

Қолданыстағы

       «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру және оны жою ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 2 желтоқсандағы № 418 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2633 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2004 жылғы 16 қаңтарда № 9-10 (23648) жарияланған);
      Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру және одан айрылу ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 2 желтоқсандағы № 418 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 26 қарашадағы № 407 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3981 тіркелген);
      Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат алу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 101 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4231 тіркелген);
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды алдын ала келісу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 173 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7735 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 25 тамызда № 551-556 (27629) жарияланған).
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк Төрағасы                           Г. Марченко