Денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 656 бұйрығы

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Байсеркин Б.С.) осы бұйрық күшіне енген күннен бастап бір апталық мерзімде бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және оны одан әрі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                        С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрі
міндетін атқарушының     
2012 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 656 бұйрығына қосымша  

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы кейбір күшін жойған бұйрықтардың тізімі

      1) «Сертификаттың және Қазақстан Республикасы емшілері тізілімінің нысанын, сондай-ақ оны жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 663 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5877 болып тіркелген, «Заң газеті» 2009 жылғы 29 желтоқсанда № 197(1620) газетінде жарияланған);
      2) «Диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5938 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, № 7, 2010 жыл);
      3) «Аккредиттелген ұйымдардың емші сертификатын беруі бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 865 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6021 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, № 9, 2010 жыл).