"Қазақстан Республикасының көмірсутегі кен орындарының өнімді қабаттарына көмірсутегі газдарын айдау кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 177 бұйрығының күші жойылғанын тану туралы

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 14 маусымдағы № 103 Бұйрығы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының көмірсутегі кен орындарының өнімді қабаттарына көмірсутегі газдарын айдау кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 177 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2555 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2003 жылғы 27 қарашадағы №№ 340-341, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл., № 43-48, 900-құжат).
      2. Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті (Қ.С. Құлмырзин) бір апта мерзім ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                      С. Мыңбаев

      Келісілді
      Қазақстан Республикасы
      Төтенше жағдайлар
      министрі В. Божко.
      2012 жылғы 16 маусымда