"Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізетін ақпараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарды енгізу және пайдалану кезіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2004 жылғы 20 қыркүйектегі № 179 және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 20 қыркүйектегі № 199-б бірлескен бұйрығының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 23 сәуірдегі № 196 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 194 бірлескен бұйрығы

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел-іздістіру іс-шараларын жүргізетін ақпараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарды енгізу және пайдалану кезіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2004 жылғы 20 қыркүйектегі № 179 және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 20 қыркүйектегі № 199-б бірлескен бұйрығының күші жойылсын деп танылсын (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 3187 тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (В.В. Ярошенко):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің назарына жеткізсін;
      2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
      4. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы       Қазақстан Республикасы Ұлттық
      Көлік және коммуникация      қауіпсіздік комитетінің төрағасы
             министpi
      _______________________      ________________________________
         А.Қ. Жұмағалиев                    Н.Ә. Әбіқаев

            «Келісілген»:
      Қазақстан Республикасының
           Бас прокуроры
       ____________________
          А.Қ.Дауылбаев